Павлодар облысы Ақтоғай ауданы «Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» ММ
Білім жүйесі Елбасымыздың Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы қолдау мен назарының арқасында жүйелі және жоспарлы дамып отырды, қазақстандық білім беру жүйесінде инновацияның айтарлықтай басылымдықтары құрылды.
Облысымыздың Ақтоғай ауданының қара шаңырағына айналған мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген білім ордасы- Абай атындағы қазақ орта мектебінің оқушыларға білім беру, тәрбиелеу жүйесінде өзіндік ұстанған бағыттары бар. Оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету бірқатар қабылданған мемлекеттің заңнамалық және стратегиялық құжаттарымен айқындалды.
Білім туралы Заң, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасы, «Қазақстан балалары» атты бағдарлама, аса маңызды әлеуметтік «Дипломмен –ауылға», «Жасыл ел», «Балапан» атты бағдарламалар және «Дарынды балаларды дамыту және қолдау» Тұжырымдамасы, Елбасымыздың бастамалық «Тілдердің үштілділігі» мәдени жобасы біздің мектептің оқу- тәрбие үдерісіне түпкілікті өзгерістер әкелді.
Мектебіміздің білім мазмұны тек өткенімізбен және бүгінмен шектеліп қалмай, өсіп келе жатқан елдердің озық үлгілеріне үңіліп, болашаққа құлаш сермеу қажет екені бәрімізге де белгілі. Сондықтан, мектеп әкімшілігінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер бүгінгі күннің өзгерістеріне сай болу қажет деп санайды. Ол үшін, мектептің алға қойған миссиясы: білімді, шығармашылық деңгейге жеткен түлегін тәрбиелеу. Осыдан келіп, Абай мектебі білім берудегі аймақтық қоғамдық дамудың полисферасы ретінде және аймақтың дамуында жіберілген кемшіліктерді жоюға, аймақтың нағыз өмірін құрастыруға және жоспарланған нәтижелерге жетуге, тәсілдерін іздестіруге бағытталған құрал ретінде қызмет етеді.
Мектептің жылдан жылғы қорытындылары ойдағыдай болып келеді.
Оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау қорытындысы бойынша мектеп облыс көлемінде төртінші орында, ҰБТ- қорытындылары бойынша көрсеткіштер өсуде.
Баланың білімін дамыту жолдарының бірі- әртүрлі интеллектуалдық олимпиадалар, регаталар, интеллектуалдық сайыстар, ғылыми жобалар сайыстарын өткізу.
Біздің оқушыларымыз Президенттік қоры тарапынан өткізілген Республикалық қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша шығарма байқауынан, қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша облыстық пән олимпиадасында, биология пәнінен облыстық интеллектуалдық турнирында, «Зерде» атты жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ІҮ Республикалық «Ауыл мектебінің ең үздік жобасы» байқауында, ІІІ облыстық коптілдік олимпиадасында Республикалық ғылыми- практикалық конференциясында , республикалық интеллектуалдық «ЕD- online» атты дистанциондық олимпиадасында; облыстық «Проба пера» атты шығармашылық сайыстарда І,ІІ,ІІІ орындарға жетіп, жеңімпаз атақтарына ие болды және 11 сынып оқушымыз «Глюон» Халықаралық Интеллект-клубы ұйымдастырған «Компьютерлік физика-2012» ХVI Халықаралық турнирінде физика бағыты бойынша І-дәрежелі диплом иеленді. Мектеп 2012 ж. Президент қоры тарапынан «Ауылдық аймақтағы азқамсыздандырылған отбасылардың 11-12 жасар балаларына арналған «көплингвистикалық лагері» атты жобаның жеңімпазы атанып, грантқа ие болды.
Бала дарындылығын дамытумен қатар, жан – жақты білім тарату, білім бағдарламасын, ұстаздық технологияны қолдану арқылы, зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып, аиналадағы қоршаған ғылыми ортамен таныстыру мақсатымен ұстаздар шәкірттерін «Ақбота», «Кенгуру», «Тарих ата», «Алтын руно», «Зерде», «BritishBulldog», «ED –on-line»қашықтық олимпиадасына, облыстық интеллектуалдық марафондарына, Абай, Макатаев оқуларына т.б. сайыстар мен жарыстарға қатыстырып, ғылымға деген қызығушылықтарын туғызады.
Ұстаздар облыстық «Талантты да тағылымды мұғалім»интернет-фестиваліне, қашықтық олимпиадаларына, Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциларына, педоқуларға, облыстық, аудандық семинарларға қатысып, озық тәжірибелі ұстаздар аудандық, облыстық деңгейде өз тәжірибесімен алмасады; пәндер бойынша авторлық бағдарламалар, курс жинақтарын, арнайы курс, факультатив бағдарламаларын құрастырады. Нәтижесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Ж.Искакова облыстық «Тіл дарын-2011» олимпиадасының І дәрежелі жүлдегері атанып, республикалық сайысының алғыс хатын алды. 8 сынып оқушысы Шапей Бағдаулет облыстық Абай оқуларының ІІІ орын жеңімпазы, даярлық топ оқушысы Көкен Б. «Ақ көгершін» атты Халықаралық фестивалінде ІІІ орын иегері, 7 сынып оқушысы Айдарова С. дипломат атақтарына ие болды. 2012 жылғы 5-6 сәуірде өтетін «Білім мен ғылым интеграциясы- болашаққа нық қадам» атты академик Ш. Шокиннің 100 жылдығына арналған ҚР Кіші ғылыми академиясының ХХХVIII ғылыми-практикалық конференциясына 23 оқушы өздерінің жазған баяндамаларын ұсынып, олардың ішінен 16 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атағына ие болды.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жан- жақты тәрбие мен білім беру үшін толықтай жағдай жасалған. Мектепке аудан әкімітағайындаған стипендия негізінде жыл сайын оқу жылы соңында үздік оқушылар іріктеліп «Жыл оқушысы» анықталады. Сондай- ақ, оқушыларды білім алуға одан әрі ынталандыру мақсатында үздік оқушылар
Мектебімізде бірқатар эксперименттік- тәжірибелік жобалар іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті-білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстары сәйкестікке келтіру болып табылады.